r Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері icon

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері






НазваҚазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Сторінка1/2
Дата конвертації12.03.2012
Розмір2.77 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2


ӘОЖ 37.013 Қолжазба құқығында


СЕЙТКУЛОВ НУРЛЫБЕК АКЫНУЛЫ


Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай

кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері


13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010


Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған


Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Пірәлиев С.Ж.


Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Шалғынбаева Қ.Қ.

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Асанов Ж.

педагогика ғылымдарының докторы

Ыбыраимжанов Қ.Т.


Жетекші ұйым: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университеті


Қорғау 2010 жылы «____» ____________ сағат ______ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, Кіші мәжіліс залы.


Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.


Автореферат 2010 жылы «____» ____________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғ

алым хатшысы: Б.Қ.Мұхамеджанов


^ КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.

Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т.б.), бүгінгі тәрбие саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.

Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды. Бұның, әсіресе мұғалімдер үшін пайдасы зор.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский және т.б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.

ТМД елдерінде XX ғасырдың соңғы ширегінен басталған ұлттық тағылымдардың білімдік және тәрбиелік әлеуетін зерттеу 90-жылдары қарқынды жүргізіле бастады. Сол зерттеулерде этнопедагогика пәнінің мазмұнын негіздейтін шығыс ғұламаларының ой-пікірлері, түрік ойшылдарының көзқарастары, қазақ ағартушыларының, зиялыларының, жеке тарихи тұлғалардың, қайраткерлердің шығармалары, ақын-жыраулардың өлеңдері, би-шешендердің даналық сөздері, жерін, халқын жауынан қорғаған батырлардың ерлік өнегелері ғылыми, тағылымдық тұрғыдан сараланып, талданып, ғалымдардың еңбектеріндегі этнопедагогикалық ойлар мен тұжырымдар жүйеленді.

Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде сол кездердегі Г.С.Виноградов (1926), А.Ф.Хинтибидзэ (1951) ғылыми еңбектер жазды. 1956 жылы жарыққа шыққан академик Г.Н.Волковтың «Чуваш халқының эгнопедагогикасы» атты еңбегі ТМД мемлекеттері кеңістігінде этнопедагогика ғылымының көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналуына себеп болды. Бұл орайда А.К.Алиевтың (Әзірбайжан, 1968), Я.И.Ханбиковтың (Татарстан, 1967), З.Миртурсуновтың (Өзбекстан, 1973), А.Ш.Гашимовтың (Әзірбайжан, 1970), Ю.А.Рудь (1980), З.П.Василькованың (Украина, 1983), Е.Л.Христованың (1988), К.Пирлиевтің (Түрікменстан, 1991), А.Э.Измайловтың (Қырғызстан, 1991) және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.

Халық педагогикасы мен этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, мазмұнын (Г.Н.Волков, А.И.Ханбиков, Я.Ф.Хинтибидзе, Ю.А.Рудь, Л.Христова, С.М.Саипаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдардың, ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларын (Т.Әлсатов, И.Халитова, А.Айтпаева, К.Қалиева және т.б.) зерделейді, енді бірі халық педагогикасы мен этнопедагогикадағы тәрбиенің мүмкіндіктерін тәрбие бағыттарына қарай (адамгершілік, эстетикалық, еңбек, музыкалық, патриоттық және т.б.) (С.Ұзақбаева, Р.Төлеубекова, Қ.Шалғынбаева, Р.Жанабаева, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) зерттейді. И.Шоров, Х.Пирлиев, Қ.Бөлеев, Р.Дүйсембінова, Ж.Асанов, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Г.Бахтиярова, Ш.Құлманова, Т.Сламбекова және т.б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.

Педагогиканың жеке бір бөлігі болып табылатын этнопедагогиканы жеке ғылым саласы ретінде құрудың негізгі қағидалары Қазақстанда іргелі педагогикалық зерттеулердің (Т.Тәжібаев, Ә.Сыздықов, Ә.Сембаев, Қ.Бержанов, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, А.Х.Мұқамбаева, А.Көбесов, І.Халитова, А.Н.Ильясова, Ж.Асанов, В.Г.Храпченков, Э.А.Орынбасарова, Ш.А.Әбдіраман, С.Ғаббасов, К.А.Оразбекова, Қ.Шалғынбаева, Р.А.Джанабаева, А.П.Сейтешев, Қ.К.Жампейісова, Б.И.Мұқанова, Г.Т.Хайруллин, Б.Әбдікәрімұлы, Л.А.Байсерке, А.С.Иманғалиев, Н.Н.Хан, З.У.Кенесарина, Ш.Т.Таубаева, Қ.М.Арынғазин, Г.М.Храпченков т.б.) нәтижелеріне сүйенеді.

Қазақ этнопедагогикасы ғылым мен оқу пәнінің әдіснамалық-теориялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін жасаушылар: этнофилософтар - Қ.Б.Бейсембаев, Н.Сәрсенбаев, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Р.Әбсаттаров, А.Х.Қасымжанов, С.А.Қасымжанов, М.Бурабаев, О.Сегізбаев, Г.Шалабаева, М.Орынбеков, Қ.Бейсенов, К.Нұрланова, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, А.Тайжанов, Ж.Молдабеков, А.Айталы, А.Қалмырзаев т.б. этнографтар - Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, А.Әбдрахманов, Ю.В.Бромлей, С.Кон, А.Янушкевич, С.Мұқанов, С.Касиманов, Ә.Тәжімұратов, Б.Төтенаев т.б.; тарихшылар - С.Д.Асфендияров, Л.Н.Гумилев, М.Қозыбаев, М.Мұқанов, Э.Масанов, М.Сужиков, Н.Мыңжани, Б.Қ.Албани, С.Г.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б.; этномәдениеттанушылар - А.Сейдімбек, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, С.Ақатай, Ж.Қаракөзова, Б.Қазыханова, Ә.Хасанов т.б.; этнопсихологтар - Ж.Аймауытов, Н.Жандильдин, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, К.Жүкеш, Н.Елікбаев, Т.Сәрсенбаев, С.Нұрматов, т.б.; этнопедагогтар - Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Т.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, А.Көбесов, К.Құнантаева, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Ө.Озғанбай, К.Қожахметова, М.Балтабаев, Ш.Құлманова, Р.Төлеубекова, Р.Дүйсембінова, З.Әбілова, А.Ильясова, І.Халитова, Т.Әлсатов, Қ.Ералин, Қ.Әмірғазин, М.Тәнекеев, Ә.Табылдиев, Е.Сағындықов, Ж.Асанов т.б..

Еліміз егемендік алысымен қазақ этнопедагогикасы проблемалары ерекше қарқынмен жан-жақты зерттеле бастады: 1) қазақ отбасы этнопедагогикасының проблемасы (Қ.Сейсембаев, Ж.Сәкенов, С.Жамансариева т.б.); 2) мектепке дейінгі жастағы балаларды халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу проблемасы (А.С.Әмірова, Т.А.Левченко, Ж.М.Ақпарова, Т.Иманбеков т.б.; 3) халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу проблемасы (С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Қ.О.Жеделов, Б.А.Тойлыбеков, А.Қ.Айтпаева, Н.Албытова, Е.Сағындықов, Ж.Балкенов, С.А.Жолдасбекова, О.Стақанов, Р.К.Төлеубекова, С.Қ.Мұхамбетова, Э.И.Шыныбекова, Ә.Табылдиев, Т.Мұсақұлов, М.Исқақов, М.Т.Тұрыскелдина, Ш.М.Жанзақова, Т.Көбентаев, Ы.Оршыбекова, А.Х.Мұхамбаева, Қ.Нұрсұлтанов, Т.Ж.Бекбатшаев, Ж.М.Төлегенов, Қ.Ә.Өтеева, З.Әбілова, С.Құсайынова, К.Ж.Әмірғазин, Ә.Қамақ, Б.А.Әлмұхамбетов, Ұ.О.Асанова, Е.С.Асылханов, Ж.Б.Сәдірмекова, Т.Ә.Қоңыратбаева, А.Қ.Қисымова, Қ.Д.Сарыбеков, С.Т.Иманбаева, Г.Н.Жолтаева т.б.; 4) оқушыларға этномәдени білім беру проблемасы (Ж.Ж.Наурызбай, Б.К.Каирова т.б.); 5) дәстүрлі көркемөнер құралдары арқылы оқушы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру проблемасы (С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Ш.Б.Құлманова, А.А.Нұғманова, Р.К.Дүйсембінова, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, М.А.Оразалиева, Л.Б.Бақтұғұлова, Е.Қозыбаев т.б.); 6) жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру проблемасы (С.А.Ұзақбаева, Қ.Ж.Қожахметова, К.Бөлеев, К.Әбішев т.б.); 7) орта арнайы және жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді және тәрбиешілерді даярлауда қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Қ.К.Болатбаев, Т.Қуанышев, Е.С.Асылханов, А.С.Мағауова, Ж.Хасанова, Б.М.Досқараев, М.Т.Тәнекеев, М.Х.Балтабаев, Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.Әбілдина, Б.Ижанов, Қ.Ералин, Қ.Бөлеев, Г.Р.Бахтиярова, Қ.А.Сарбасова, Н.М.Көшеров, Б.Ж.Мұқанова т.б.); 8) педагог кадрлардың мамандығын арттыру жүйесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Л.Қ.Бөлеева); 9) алыс шетелдердегі қазақ мектептерінде халықтық педагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Ә.Ашайұлы, Қ.Абыразақұлы).

Қорғалған диссертациялардың тақырыптары қоғамдық практиканың қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған көкейкесті проблемаларды қамтиды. Олар республиканың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық тармақтарына қатысты: отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы және жоғары оқу орындары, біліктілікті арттыру жүйесі.

Ал, қазақ этнопедаогикасының тарихы бойынша Қ.Б.Жарықбаев, А.Көбесов, К.Құнантаева, С.А.Ұзақбаева, А.Ильясова, І.Халитова, А.С.Сыдықов, М.Тәнекеев, К.Камалиева, Е.Садуақасов, У.С.Иманқұлов, К.Шаймерденова, М.Б.Көккозова, Т.Әлсатов, Ш.Жалғасова, К.Ж.Ибраева, Б.М.Досқараев, А.Е.Дайрабаева, Ф.З.Бұланова, А.М.Құдиярова, Қ.Қ.Құламбаева, Р.Б.Үсембаева, Ж.А.Төлебаева, А.С.Қыдыршаев, Қ.Қ.Шалғынбаева, С.Жұматаева, Р.Көшенова, С.А.Баймұратова, А.Б.Тұрсынова, М.К.Ахметова, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Б.Т.Махметова, Ұ.М.Әбдіғаппарова, Г.Алдамбергенова және т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.

Сонымен, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасалған талдау қарастырылып отырған проблеманың бұрын-соңды мақсатты түрде педагогика ғылымында зерттелмегенін, сонымен бірге педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және пайдалану проблемаларына аса мән беріліп отырғандығын дәлелдейді.

Демек, болашақ ұрпақты халық педагогикасы мен қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегенімен қатар оқу-тәрбие процесінде баланың жасына қарай адамгершілік қасиетін, сезімін қалыптастыру қажеттілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиедегі озық дәстүрлердің жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі таңда баланың жасына қарай адамгершілік тәрбиесі тұрғысында қазақ халқының озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері», - деп таңдауымызға негіз болды.

^ Зерттеу объектісі - қазақ халық педагогикасы.

Зерттеу пәні - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай адамгершілікке тәрбиелеу тәжірибесі.

^ Зерттеудің мақсаты - қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбие берудегі озық дәстүрлерді ғылыми тұрғыда жүйеге келтіру және оларды білім беру жүйесінде пайдалану жолдарын анықтау.

^ Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп, тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, оны білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты нұсқаулармен қамтамасыздандырылса онда білім қызметкерлерінің халықтық педагогика және қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімі анағұрлым арта түседі. Ал бұл болса, олардың жады мен бойында ізгілік қасиеттерін, адамгершілік көзқарастарын қалыптастырады, өйткені халықтық педагогикадағы салт-дәстүрлер ұлттық ділдің тірегі мен алтын діңгегі болып саналады.

^ Зерттеудің міндеттері:

1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттарын анықтау.

2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін анықтау.

3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуетін айқындау.

5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын жасау (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдарын анықтау.

6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасау.

^ Жетекші идея: қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп тәрбие берудегі озық салт-дәстүрлері бүгінгі таңда балаларды адамгершілік идеалға бағдарлайды және адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті мен құндылықтарға тәрбиелейді.

^ Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық, логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.

^ Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің жалпы тәрбие, соның ішінде адамгершілік тәрбиеге байланысты ресми құжаттары (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, психологтар мен педагогтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени дәстүрлері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары және оларды адамгершілік, моральдық тәрбие беру мақсатында пайдалану туралы оқу бағдарламалары, озық тәжірибелер, сондай-ақ, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.

^ Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге этнопедагогикалық, философиялық, тарихи-этнографиялық, филологиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, филологиялық тарихи-теориялық талдау; қазақ халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге талдау жасау.

^ Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттары анықталды.

2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұны, әдіс-тәсілдері, мүмкіндіктері анықталды.

3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктері ашып көрсетілді.

4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуеті айқындалды.

5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасы жасалды (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдары анықталды.

6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасалды.

^ Зерттеудің практикалық мәні:

- «Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде)» тұжырымдамасы;

- қазақ халық педагогикасында балаға тәрбие берудегі озық дәстүрлерін пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік кешендер (эллективті курс бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар) жасалды.

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлттық тәрбие кафедрасы құрылды. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жүрген жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілінде «Таным және студент» қосымша оқу құралы әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта оқу орындарында, және жалпы білім беретін мектептерде, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Қазақ этнопедагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөлудің мәні зор. Себебі, баланың негізгі қасиеттері бала жасының белгілі даму кезеңдеріне байланысты қалыптасады.

2. Қазақ халық педагогикасында балаларға адамгершілік тәрбие берудегі озық дәстүрлерді анықтап, педагогикалық жіктемеге келтіру (адамгершілік идеалға бағдарлау; адамгершілікке тәрбиелеу) бүгінгі адамгершілік тәрбиеге қойылып отырған талаптарды оңтайлы шешуде дұрыс бағдар береді.

3. Қазақ этнопедагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп адамгершілік тәрбие берудегі озық дәстүрлердің мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері олардың педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

4. Қазақ ойшылдарының адамгершілік ілімдерінде көрініс алған гумандық идеялар адамгершіліктің негізгі құндылықтарын қарастырады, адамзат салт-дәстүрінің негіздерін терең зерделеуде және адамдар арасында озық адамгершілікті қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші мүмкіндіктердің бірі болып табылады.

5. Жалпы ғылыми талаптардың негізінде құрылған «Қазақ халық педагогикасында балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану» тұжырымдамасы қазақ балаларының адамгершілік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін және қазіргі біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін ескереді.

6. Оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны ұсынылып отырған тұжырымдаманы практикада жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және қазіргі заман балаларына ұлттық мәдениет негізінде адамгершілік тәрбие беруге септігін тигізеді.

^ Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2005-2006 жж.) қарастырылып отырған мәселенің тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.

Екінші кезеңде (2007-2008 жж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама дайындалды, оқу-әдістемелік құралдар жүйеленіп, озық тәжірибелер қорытындыланды.

Үшінші кезеңде (2008-2009 жж.) зерттеу материалдары құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, тұжырымдама, оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.

^ Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдалануымен, алынған нәтижелерді практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

^ Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру: Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда (Астана 2007; Алматы 2004, 2005, 2006, 2007, 2009; Қырғызстан 2009, 2010; Түркия (Анкара) 2000, 2001, 2002, 2003); Шымкент 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, Тараз 2007, 2008, 2009; Түркістан 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010; Қызылорда 2006, 2009) т.б.) Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында (2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009) және педагогикалық институт студенттеріне дәріс оқу барысында, «Бөбек» ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының семинарлары мен конференциясында (2007, 2008), Шымкент облыстық мұғалімдер біліктілігін көтеру курстарында (2008, 2009, 2010) оқыған дәрістерінде, Шымкент-Қазақстан облыстық телеарнасының «Жансарай» бағдарламасында (2009) баяндалды. Зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар ретінде мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында және аталған оқу орындары студенттеріне лекциялар оқу барысында, талқыланып, тәжірибеге ендірілді, баспасөзде жарияланды.

^ Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелдігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

«Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғышарттары» атты бірінші бөлімде «Халық педагогикасы», «Қазақ халық педагогикасы», «Этнопедагогика», «Қазақ этнопедагогикасы» ұғымдарының мәні және өзара байланысы, қазақ халық педагогикасының мәні және өзіндік ерекшеліктері, баланы тәрбиелеу қазақ халық педагогикасының негізгі өзегі, ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі адамгершілік идеялары мен қазақ халық педагогикасының тұғыры мазмұндалады.

«Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұндық сипаты» атты екінші бөлімде қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұны, әдіс-тәсілдері, құралдары, қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктері, қоршаған орта - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі жетекші фактор, қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуеті беріледі.

«Қазақ халық педагогикасында балаларды жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін қазіргі жағдайда пайдалану» атты үшінші бөлімде қазақ халық педагогикасында баланың тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасы (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде), бала жасына қарай қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін мұғалімдердің меңгеруі, қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлердің мектептің сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану перспективасы айқындалады.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.


^ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.

Тарихи педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау тәрбие мәселесіне тарихи дамудың барлық кезеңінде аса назар аударғанын дәлелдейді.

Ұлы түркi қағанаты дәуiрiндегi Орхон-Енисей ескерткiштерiндегi (VI-VIII ғ.ғ.) жазбаларындағы тәлімдік саясат сөздерi өзiнiң теңдесi жоқ өнегесiмен жүрек тербейдi. «Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар. Өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмес үшін туады...» деп жазылыпты.

Одан берiректе (IХ ғ.) ғұмыр кешкен Қорқыт атаның мұрасындағы тәлiмдiк өсиет бүгiнгi ұрпақ үшін де аса маңызды. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық», - дейдi ұлы Қорқыт баба.

Қазақ даласына араб-шығыс мәдениетiнiң тарауы (Х-ХV ғ.ғ.) исi түркi халықтарының ұлы ғұламалары - әл-Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иасауи, Баласағұнды т.б. дүниеге әкелдi. Ұлы бабаларымыз Әбу Насыр әл-Фарабидiң сан-салалы трактаттарында, Қожа Ахмет Ясауидiң «Диуани хикметiнде», Жүсiп Баласағұнидiң «Құдатғу бiлiгiнде» («Құтты бiлiк»), Махмуд Қашқаридiң «Диуани луға-ат-түрiгіндегi», Ахмет Жүйнекидiң «Хибатул хиқайқ» («Ақиқат сыйы»), Хорезмидiң «Махаббатнама» еңбектерiнде педагогикалық, психологиялық, философиялыќ, дидактикалыќ, әдiснамалыќ ой-пiкiрлер өрiлiп жатыр. Ғұлама-ойшылдардың бiзге жеткен мұраларында әдет, мiнез, баќыт, дағды, аќыл-парасат, имандылыќ, мейiрiмдiлiк, әдiлеттiлiк тұрғысындағы ұлағатты өсиетнамалар тұнып тұр. Бұларда ұл мен ќыздың өнегелi тәрбиесi, бала мен ата-ананың ќарым-ќатынасы, отбасы мен неке, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдыќ-этикалыќ ќасиеттер, т.б. ұлы ойшылдар шығармаларының алтын арќауы болды.

Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай), шетел педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский және т.б.) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.

Халық педагогикасының көкейкестілігі Қазақстан егемендік алғаннан бері бұрынғысынан да арта түсті. Нәтижесінде көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер орындалып, білім беру жүйесінің сұранысынан шығып отыр.

Біз өз зерттеуімізде «Халық педагогикасы», «Қазақ халық педагогикасы», «Этнопедагогика», «Қазақ этнопедагогикасы» ұғымдарының мәні және өзара байланысын ашып көрсету жолдарын қарастырамыз.

Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың бастауында тұрған қайнар көзі. Ол бүгін ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың шығармашылығындағы, өткен кезеңнің көне педагогикалық мәдениетіндегі қазіргі өмірге қажет жалпы адами және ұлттық құндылықтарды іріктеуге мүмкіндік туғызады. Халықтық тәрбие тәжірибесінің «халықтық педагогика» түріндегі бейнесі әуелде педагогиканың (XVI ғасырдан XX ғасырдың 70-шы жылдарына дейін), сонан соң этностық педагогиканың пәніне айналған деп түсінеміз.

Халық педагогикасы - ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ.

Бiз еңбектi жазу барысында ќазiргi ќазаќ этнопедагогикасын зерттеушi, ғалым С.Ќалиұлының бiрќатар тұжырымдарын негiз етiп алдыќ. Ғалым халыќ педагогикасының тарихын адамзат дамуының ќоғамдыќ ќұрылыс кезеңдерiне сай сегiз кезеңге бөлiп ќарастырған.

Ғалым С.Ќалиұлының пайымдауынша, бірінші кезең - Алғашќы ќауымдыќ ќұрылыс кезiндегi тәрбие (б.з.д. тас, ќола замандары); екінші кезең - Саќтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi (б.з.д VII-VIII ғ.ғ. - б.д. V ғ. дейiн); үшінші кезең - ұлы түрік ќағанаты кезiндегi тәрбие (VI-IХ ғ.ғ. аралығы); төртінші кезең - Араб-шығыс мәдениетi, орта ғасыр ойшылдарының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (Х-ХV ғ.ғ. аралығы); бесінші кезең - Ќазаќ хандығы кезiндегi ұлттыќ тәлiм-тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар) (ХV-ХVIII ғ.ғ. аралығы); алтыншы кезең - Ќазаќстанның Ресейге ќосылу кезiндегi ұлт-азаттыќ ќозғалысы мен ағартушылыќ-демократиялыќ бағыттағы тәлiм-тәрбие (ХVIII ғасырдан ХХ ғ. 20-ж. дейiн); жетінші кезең - Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми педагогиканың ќалыптасуы (1920-1990 ж.ж. аралығы); сегізінші кезең – Тәуелсiз Ќазаќстандағы ұлттыќ тәлiм-тәрбиенiң өркен жаюы (1991 ж. кейiнгi).

Қазақ халқының халық педагогикасы туралы «жалпылық» түсініктер мен тұжырымдар бұл ғылымның этникалық мәні туралы жалпылау ұғымның аты ғана, ал қазақ халық педагогикасы (қазақ ұлтының педагогикасы) жеке этностың (қазақ ұлтының, халқының) педагогикасы болғандықтан оның нақтылай атауы сол ұлттың атымен аталуы қажет. Ол үшін сол ұлттың тарихи қалыптасқан ұлттық, халықтық педагогикасы болу керек. Ал, қазақ халқының халық педагогикасы - ғасырлар бойы қалыптасып, негізделген, ұлттық тәлім-тәрбиенің құнды құралы деп есептейміз.

Қазақ халқының халық педагогикасының құрылымы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық өнер, ұлттық тәлім болып табылады.

Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.

Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.

Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.

«^ Этнос» (ру, тайпа, ұлт) және «педагогика» (оқыту, тәрбиелеу туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралып, этнопедагогика деп аталған бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.

Ал этнопедагогика ғылымы жайында Г.Н. Волков: «Этнопедагогика дегеніміз бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру тәжірибесі. Олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстар мен ұлттардың педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихы жағдайлар әсерімен қалыптасқан ұлттың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейді», - деп көрсетеді.

«Этникалық педагогика - өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыруға байланысты теориялық ой саласы және ғылым саласы, тұрмыс педагогикасы, отбасы, ру, тайпа, ұлыстар мен ұлттар педагогикасы туралы ғылым», - деп өз көзқарастарын В.А.Панькин, И.О.Попова түйіндейді.

Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.

Этнопедагогика - педагогика ғылымының саласы ол: 1) нақты халыққа тән әртүрлі тәрбие мен оқытудың өзіндік мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерттеумен; 2) түрлі халықтардың тәрбиесі мен білім беру ерекшелігін салыстыра зерделеумен; 3) этникалық қауымдастықтардың білімі мен тәрбиесіне ұлттық психология әсерін талдаумен; педагогикалық және білім берушілік әсерді ұйымдастыру осы үрдісті есепке алумен айналысады» - дейді В.Г.Красько.

Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздеріне арналған зерттеу жұмыстары С.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың, Қ.Б.Бөлеевтің, А.Қ.Қалыбекованың және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапты. Мәселен, К.Қожахметова өзінің «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика» (1998) деген еңбегінде сол кезеңге дейінгі қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттелген еңбектер мен авторлық-мемлекеттік бағдарламалар мен әдістемелік оқулықтар және озық тәжірибелер жөнінде толық мағлұматтар келтіріліп, жете талдау жасаған.

Қазақ этнопедагогикасының табиғатын тану ғалым-педагог С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың ойынша этномәдени мұралар мен аталмыш сала бойынша қалыптасқан мәдениеттану теориясына арқа сүйенуінде болмақ. «...Қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарын зерттеу барысында, біздер тек қазақтың ұлттық мәдениетімен шектеліп қалмай, ол саланың тарихи-әлеуметтік, мәдениеттану теориясы тұрғысынан зерделеу қажет екеніне тоқталамыз. Бұл тұжырымымыздың негізі - қазақ этнопедагогикасының қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және тарихи-әлеуметтік, мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен теориялық алғышарттарына сүйенген, педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі деп қарастырамыз». Бұл аталған тұжырымды өз зерттеуімізде басшылыққа аламыз.

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздері зерттеулерде қазақ халқының этникалық болмысының тарихи қалыптасуына, халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктеріне, этнопедагогикалық ойларға байланысты жүйеленіп тұжырымдалады.

Қазақ этнопедагогикасы ғылымын зерттеуге біз этнонимдік, этникалық сана, салт-дәстүр, мәдениет, этникалық ұқсастыру (гедентификация), ұлттық дүниетаным, менталитет, ұлттық наным, сенім, тұлғалық, қаракеттік, ассоциациялық, біртұтас, этностық, тәрбие, уақыт пен кеңістік туралы ұғымдар теориясына сүйеніп, біз қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық алғышарттары төмендегі негіздерден тұратынын айқындадық:

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық алғышарттары: этнопедагогика - белгілі бір халықтың, ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі арқылы таным-тәрбиелік, дүниетанымдық құралы ретінде қалыптасқан ғылым. Яғни әрбір халықтың немесе ұлттың өз ерекшеліктеріне сәйкес тәлім-тәрбие жүйесі қалыптасқан. Ол «қалыпты» ешбір «ғаламдастыру» бұза алмады. Ерте замандардан бері қазақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері: ақынжандылық, өнерпаздық, шешендік, жадына сақтау қасиеті, имандылық, инабаттылық, меймандостық, қайырымдылық, дарындылық...

Зерттеу еңбектерінде «халық педагогикасы», «қазақ халық педагогикасы», «этнопедагогика», «қазақ этнопедагогикасы» ұғымдарына берілген анықтамалар да мазмұндық жағынан бірін-бірі толықтыра түседі. Авторлардың барлығы дерлік «халық педагогикасын», «қазақ халық педагогикасы», халықтың бала тәрбиесі саласында жинақталған тәжірибесі ретінде, ал «этнопедагогиканы», «қазақ этнопедагогикасын» халық педагогикасын зерттейтін ғылым ретінде қарастырады.

Қазақ халқының дарындылығы мен қайырымдылығы, меймандостығын В.В.Радлов сияқты ғалымдар XIX ғасырда жан-жақты дәлелдеп кеткен болатын. Осындай тарихи дәлелдерге сүйеніп, біз қазақ этнопедагогикасының ғылым болып қалыптасуына негіз болатын алғышарттардың бірі - қазақ ұлтының халық педагогикасы болып табылады деп тұжырымдаймыз. Ол - қазақ этнопедагогикасы атты ғылымның өзегі және өрнегіндегі арқауы.

Қазақ этнопедагогикасы - дегеніміз қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен методологиялық негіздеріне сүйенген, педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі.

Қазақ этнопедагогикасының практикалық негіздері ұлттық тәжірибелерден туындайды. «Баланы тәрбиелеуде біз халық тәрбиесіне сүйенеміз», - дейді ертедегі грек философы Аристотель. Ал халықтың тәжірибелері арғы тегінен, халық болып қалыптасуынан, тұрмыс-тіршілігінен бастау алады. Профессор С.Қалиев қазақтардың шығу тегіне байланысты тарихшы ғалым Л.Гумилевтің: «Қазақтар-түрік, монғол, үнді-иран тектес, қазақстан территориясында тіршілік еткен Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, үйсін тайпаларының қосындысынан құралған ежелгі халық» деген тұжырымын мысалға келтіріп, «қазақ халқы негізінен, республиканың қазіргі жерін мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құбылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуіріне, андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. ХVІІІ-VІІІ ғ.ғ.) саяды» -дейді. Міне, осындай тарихи түп негіздері анықталған қазақ халқының этнопедагогикалық негізі - ұлттық тәжірибелер екендігін немен дәлелдеуге болады? Білге хан мен Күлтегінге арналған ескерткіштен (тас жазуынан) басталатын қазақтың тарихи тегін зерттеу ғылыми тұжырымдары түріктектес қазақ халқының тарихи, этнографиялық, этностық, тұрмыс салттық белгілерін айқындап береді.

Қазақ этнопедагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің қайнар бастауынан бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым.

Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдеріне тоқталғанды жөн санадық (Сурет 1).




Сурет 1- Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері


Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебiз бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болған.

Қазақ этнопедагогкасының ғылыми-әдiстемелiк жүйесiн қарастырсақ, ол төмендегідей жүйе болып шығады:

1. Қазақ этнопедагогикасының «^ Сегiз қырлы, бiр сырлы» ұстанымы, мақсаты мен мiндеттерi: жан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеу. 2. Мазмұны: Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерiн беру, мiнез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 3. Әдiстері: әңгiмелесу, кеңесу, түсiндiру, сендiру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгi көрсету, өтiну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сөгу, кiнәлау, айыптау, жазалау т.б. 4. Түрлерi: Ойындар, тойлар, еңбек мерекелерi, ойын-сауықтар, кештер. 5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегi-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендiк сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгiме, айтыстар, сабақтар мен үйiрмелер. 6. Нәтижесi: «Сегiз қырлы, бiр сырлы», жаны таза, тәнi сау адам. 7. Тәрбиеге себепшi күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсiптер, дiн, ана тiлi, ұлттық ойындар. 8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл-аймақ, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе. 9. Тәрбие объектiсi: Бала. 10.Халық тәрбиешiлерi: Әке-шешесi, атасы мен әжесi, апа, ағалары, ауыл үлкендерi, өнер иелерi.

Білім мен тәлім-тәрбие құралдары әр елдің орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі негізінде қалыптасады. Қазақ тәлім-тәрбиесі өзінің көл-көсір молдығымен де, адамгершілік қуат-тегеурінімен де, тарихи тәлім-тәрбиесі айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алады. Қазақ тәлім-тәрбиесінің ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алған. Осыдан 2600 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, «жеті ұлы ғұламаның бірі» Анахарсис (Анарыс) әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлер қалдырған.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің қалыптасып, дамуына ғұлама-ойшылдар да (Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки және т.б.) елеулі үлес қосқан. Егер Қорқыт ата өзінің ел-жұртына, кейінгі ұрпағына қалдырған өсиет сөздерінде: «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүргенде аз. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман...» - десе, әл-Фараби тәлім-тәрбиелік категорияларға жақсылықты, зұлымдықты, достықты, өзара көмекті, әділеттілікті, әділетсіздікті, абыройды, қанағаттануды, бақытты жатқызады, адамның бақыты туралы сөз қозғайды, тәлім-тәрбиелік ілімдердің адамгершілік аспектісіне талдау жасайды.

Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас.

ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде адамгершілік ұстанымдарына: парасат, ар-ождан, әділет пен бақыт жайлы сұрақтарға өзіндік ізденістерімен түбірлі жауап береді, ақиқатты адамның қайырымдылық мұратынан іздейді. ...Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып. Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың, өзгермейдi салғанша ажал құрығын. Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың «Құтты бiлiк» еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алады» - дейді. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат-ат-түрікте», «Тіл - тәрбиелік пен қайырымдылықтың басы», «Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер», «Тіл түйгенді тіс шеше алмайды», «Белгі болмаса жол бұзылады, білім болмаса сөз бұзылады», «Шақпақты жақса - от тұтанар, сөз ұғындырылса - ой білінер»- деп тіл мәселесіне аса мән береді. Тіл - тәрбиеліктің көрсеткіші және ақпарат алмасудың маңызды құралы деп түсіндіреді. Ал, Қожа Ахмет Ясауи болса «Диуани Хикметте» оқып білім алу, иманды, ізгі қасиетті болу, жақсы мен жаманды айыра білу сияқты тәлім-тәрбиелік қатынас құндылықтарын уағыздайды. Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық дастанында тәлім-тәрбиелік ілімдердің педагогикалық мүмкіндіктеріне аса мән береді, ізгі істерді, адамгершілікті, имандылықты алдыңғы орынға қояды.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды «етегiн кесiп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.

Ұлттық тәлім-тәрбиелік ілімі Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай және т.б. шығармаларында да, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім дүниетанымында да заман талабына қарай биік белестен көрінеді. Оны Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы жөніндегі жазбасында» қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесіне берілген талдауынан да, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен де байқау қиын емес. Мысалы, Абай «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған» деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: «Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi - бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, «ол немене», «ол неге үйтедi», «бұл неге бүйтедi» деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, «бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» дегенi.

Балалардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту мақсатында халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің тәжірибесі мен еңбектері арқылы дәлелдеген болатын. Ол ұлттық мектеп ашты, халықтың ауыз екі шығармашылығын, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрлерді, т.б. бала тәрбиесінде пайдаланды. Ағартушы-ұстаз қазақ даласының ұлы ойшылдары «Қорқыт, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Ясауи» мен жыршы-жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Дулат Бабатайұлы және т.б.) педагогикалық ой-пікірлерінде көрініс тапқан ұлттың өнегелі дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі мән-маңызын жақсы түсінді.

Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.

Шәкәрім болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.

Осы айтылғанның бәрі ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының тұғырындағы көзқарастарының бірін-бірі толықтыратынын, тәлім-тәрбиеге берілген анықтамаларының нақтылана түсетінін дәлелдейді.

Біздің пайымдауымызша, көне замандардан бері қалыптасып келе жатқан қазақ даласында ғұмыр кешкен ғұлама-ойшылдардың, қазақ ақын-жырауларының және ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің ұлттық педагогика жөніндегі ой-пікірлері - заманның қай кезеңінде болмасын - өзіндік ерекшелігі мен тәлім-тәрбиелік заңдылығы бар этнопедагогикалық мұралардың қалыптасуын қажет етіп отырды деп санаймыз.

Зерттеу тақырыбымызға қарай бала жасына қарай кезеңге бөлудің тарихи-педагогикалық аспектісін қарастырамыз.

Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстой жазған. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек («отрочество») балалардың балалық және ересек («юность») туралы кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған.

Жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келген. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән болатындай ақыл-ой жағынан белгілі бір дәрежеге жету. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген. Азия мен Африканың кейбір елдерінде бала бір жас кезеңінен екінші бір жас кезеңіне өтерде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Осындай ғұрыптың бір жақсы жері бала осы мейрамды алдын-ала күтіп, жұрттың алдында өзінің ептілігін көрсету үшін әдейі даярланады. Той етіп, баланы жігіт деп атағаннан кейін, оған сенім білдіріп, үлкендермен бірге игіліктерді өндіруге не жауға қарсы шығуға бірге аттанатын болған.

Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келген. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болған. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы тайпаларда балаларды материалдық игіліктерді өндіруге ерте жасынан (мысалы, эскимос елінде 5-6 жасынан, өзгелерінде 7-8 жасынан) жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың өзіне тән хроникалық жасына бөлген. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайы нашар болғандықтан балалар 5-6 жастан еңбекке жегіліп отырған. Ал, біздің қазақ елінде қыздарды 13-14 жасында тұрмысқа беріп, ер балаларды 15-16 жасында үйлендірген. Қазіргі кезде «есеюдің» бұл түрі өзгеріліп, балалалық кез 18-20-ға дейін созылды. Демек, әркімнің өзіне тән хроникалық жастың арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырған әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келуі. Әлеумет жасы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ елінде ерекше рөл атқарды.

Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Әр жас кезінде баланың өз үй-ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, қазақ халқы олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін сипаттап отырған. Осыған орай жас кезеңін төмендегіше топтастырған:

Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінді: а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін); ә) еңбектеу жасына (7 айдан 12 айға дейін).

Бірден үш жасқа дейінгі кезеңді - бөбектер жасы деді. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейрімді келеді. Мысалы, малдың төлдерін (лақты, қозыны, бұзауды т.б.) осы жастағылардың ұнататыны сондай, мысалы, қозының қасына келіп, үстінен сипап, не солардың даусын салып еліктейді. Қыздар мен ұлдардың осы жастағы ойыны алдыңғы жастарға қарағанда қарапайым келеді. Қыз ойын үстінде көбінесе шешесіне, ұлы әкесінің жұмыстарына еліктейді.

Үштен жетіге дейінгі кезең сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысқан: Қыздар көбіне қазан-аяқ ұстап шешелеріне көмектескен (нан илеу, от жағу, су әкелу т.б.) ұлдар бұзау, не қозы-лақ бағып, тезек теріп, оны түйеге артып әкелген. Шөмеле тасу үшін түйеге мініп, не биелер мен түйелерді қайырып келген.

Сегіз жастан он бір жасқа дейін періште жасы. Психологиялық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғысынан (бір-бір жарым) жыл алда келетінін, елде мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білген. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелген. Егер бұлар осы кезеңде бұзақы іс жасаса, онда оның кінә екені осы кезеңдерден кейін есептелінген. Осы кезеңде қыздар анасына көмек көрсетуге тиіс болған, ұл балалар үй ішінен сыртқы жұмыстарға жегілген. Осы жастағылар игілікті өндіруге қатыстырылған. Дегенмен бұл жас, әлі кішкентай болып есептелінген. Мәселен, біреудің үйіне қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен бірге дастархан басына отырғызылмаған, тек анасымен бірге ғана ас ішетін.

Он екі жастан он бес жасқа дейін бозбала (қызбала) кезеңі. Бұл кезең ұл мен қыздардың едәуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбеген. Ұлдарды үлкендермен бірге табақтас еткен, киген киімі де өткен кезеңдердегідей емес, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау) қосылатын.

Он бес жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кезеңде ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болған.

Бұл айтылған кезеңдерге қарай қазақ ұлтында сол кездегі бала өзінің ісін (қай кезде үйленуін т.б.) соған түгелдей арнаған деп есептеуге болмайды, тек шамамен айтылып отыр. Осы мағлұматтар баланың өз жасынан (хронологиялық жасынан) басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел бола алады.

Қазақ ұлтының тарихында осы кезеңдер жөнінде сөз еткенде оқу мәселесін қозғаған жоқпыз. Осы кезеңдерде бірен-сараңдары болмаса, (онда да үстем тапқа жататындардың балалары) бұқара халықтың балалары оқымаған, бірақ олар өздерінің білімін, ақыл-ойын тіпті дамытпады деуге болмайды. Біріншіден, балалар кіші жас кезеңінен бес-алты жасында туған-туысқандарымен бірге жұмыс істеп, үлкендерге еліктеу арқылы өзінің білімін, еңбек дағдыларын дамытқан. Екіншіден, бозбала, не қызбала ол кезде түрлі ойын-сауықтарға қатысып, мәселен айтыс кезінде кім қандай деректер келтірілгенін тыңдап, кейін өлең шығаруға, сөзді тауып айтудың айналасына ұмтылып, шешендік қабілетке ие бола бастаған. Оқымаған адам ешнәрсе білмейді деу қате пікір, осыған орай баланың психикалық дамуына қарай ғұламалардың ой-пікірлеріне, заман талабына сай қандай кезеңдерге бөлінгеніне тоқталайық.

«Ұлы дидактика» Я.А.Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.

Я.А.Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.

Я.А.Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды: балалық шақ - туғаннан бастап 6 жасқа дейін; жеткіншек шақ - 6 жастан 12 жасқа дейін; жастық шақ - 12 жастан 18 жасқа дейін; ересектік шақ - 18 жастан 24 жасқа дейін.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ - есі мен қиялының, оның орындаушы органдары - тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі жан-жақты дами түседі.

Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынған: 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынған. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылған. Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынған. Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынған.

Я.А.Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын.

Тәрбиенің негізгі құралдарына Я.А.Коменский: ата-ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, әңгіме өткізу, адамгершілік мінез-құлыққа балаларды баулуды, жағымсыз мінез-құлыққа қарсы күресті жатқызды.

Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Баланың өсу кезеңдері және єр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Жан-Жак Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі: 1-кезең - баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі; 2-кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі; 3-кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі; 4-кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Бала­ның осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.

Ұлттық тәрбиенің басты құралы ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналыдырып, қазақ халқы «тілашар» дәстүрін қалыптастырған. Қалыптасқан тілашар дәстүрі бойынша қазақ ұлты баланың бес жасқа дейінгі тәлім-тәрбиесін осы тілашар дәстүрімен байланыстырған. Тілашар дәстүрі баланың шілдехана тойы, бесікке салу, тұсау кесер рәсімдерінен басталып, бөбектің тілі шыға бастағанда оған сан үйрету, жаңылтпаштар айтқызу, үш жастан бастап тақпақ айтқызу, ән үйрету, дарынын дамыту рәсімдері орындалған.

Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер.

Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады.

Бала тәрбиесін жас ерекшеліктеріне орай белгілі кезеңдерге бөліп қарастырудың маңыздылығы Ислам өркениетінде де қарастырылған. Сондықтан Құран аяттары мен хадистердегі балаға қатысты мағлұматтарды және Ислам ғалымдарының тәрбиеге қатысты көзқарастарын ескере отырып, дін негізінде бала тәрбиесін келесі топтарға бөліп қарастырған: сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы; бүлдіршін кезең: 2-6 жас аралығы; «Тәмииз» кезеңі: 7-9 жас аралығы; «Мураһиқ» жасы: 10-15 жас аралығы; балиғат жасы - 16 жастан жоғары.

Баланың болашағы үшін балалық шақтың мәні зор. Себебі, оның негізгі қасиеттері осы кезеңде қалыптасады. Алғашқы жылдары бала белгілі бір деңгейде әке-шешесіне тәуелді болғандықтан, оның болмысының қалыптасуына ата-ананың әсері мол болған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы бала тәрбиесін үш кезеңге бөлуге болады деген: құрсақтағы тоғыз ай, тоғыз күн, дүние есігін ашқаннан басталатын бесікке бөлену кезеңі және тәй-тәй басқаннан ат жалын тартып мінгенге дейінгі уақыт.

Бүгінгі таңда қазақстандық зерттеуші ғалым М.Р.Құрсабаев өзінің «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік рухани-танымдық бағдарламасында адам танымының жас ерекшеліктеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөліп көрсеткен: 1.Ана құрсағындағы кезең; 2. Сәбидің дүниеге келуі (1-12 ай); 3. Сәбилік кезең (2-3 жас); 4.Балғын кезең (4-7 жас); 5.Балдырған кезең (7-8 жас); 6. Жас жеткіншек кезең (9-10 жас); 7. Жас Ұлан кезеңі (11-13 жас); 8. Жасөспірім бозбалалық кезең (14-18 жас).

Ал, К.Ж.Қожахметова өзінің еңбегінде қазақ халқындағы адамның жас ерекшелігіне және жыныстық айырмашылығына байланысты жіктеудің мына төмендегідей 3 түрлі тәсілі болғанын баяндайды.

Бірінші адам дамуындағы физиологиялық және психологиялық ерекшелікпен байланысты тәсіл: Туғаннан бастап 1 жасқа дейін «нәресте», 1 жастан бастап 7 жасқа дейін «сәби», 7 жастан бастап 12 жасқа дейін «ойын баласы», 12 жастан бастап 15 жасқа дейін «сығыр, ересек бала», 16 жастан бастап 19 жасқа дейін «бозбала».

Егер, біз, этнографтарды алып қарастыратын болсақ, онда С.П.Кульсариеваның диссертациялық жұмысынан келесі ұқсас жіктелуін кездестіреміз: «нәресте» - барлық мүмкін зиянды әсерлерден қорғалмаған жаңа туған балалар; «бөпе», «бөбек», «сәби» - бесікке бөленетін емшек жасындағы балалар; «кішкентай бала» - еңбек ету міңдеті жүктелмеген, 2-3 жасқа дейінгі балаларды білдіретін термин; «ақылы кірген бала» - айтқанды түсінетін, 3-4 жастағы бала, осы жастан бастап белсенді қарым-қатынас жасау үрдісі жүзеге асырылады; «ұл бала» - ата-анасының алдында белгілі міндеттері бар 5-12 жас аралығындағы ұл; «қыз бала» - бекітілген міндеттері бар 5-15 жас аралығындағы қыз; «жігіт» - жасөспірім, боз бала; «бой жеткен» - жасөспірім қыз бала, қыз.

Белгілі отандық этнолог, мәдениеттанушы Н.Ж.Шаханова жастық ерекшеліктерін арнайы қарастырып, оларды үш жіктемеге бөле отырып, өзінің келесі нұсқасын ұсынған: Сәбилік кез және ерте балалық шақ, туғаннан бастап шамамен 3 жасқа дейін («нәресте», «сәби», «бөбек», «шақалақ»). Балалық шақтың бірінші, екінші және үшінші кезеңдері. Бірінші жасаралығы 3-7 жас аралығын; екінші аралық - шамамен ұлдар үшін 8 жас пен 12 жас аралығын, қыздар үшін 7-11 жас аралығын; үшінші кезең ұлдар үшін 12-15 жас аралығын, қыздар үшін 11-13 жас аралығын қамтиды. Жасөспірім шағы (балалық пен жігіттік аралығы). Бұған 15-16 жастан үлкен жасөспірімдер (жігіт) мен 13-15 жастан үлкен қыздар (бой жеткен қыз) жатқызылады.

Сонымен біз, зерттеу жұмысымыздың барысында жоғарыдағы тарихи мағлұматтарға сүйеніп, ғұлама ойшылдар мен ағартушы-ғалымдардың, зерттеуші-ғалымдардың, қазақ ұлтының өміріндегі баланы жас және дара ерекшеліктеріне байланысты кезеңдерге, сатыларға бөліп, топтастыруын негізге ала отырып, баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді еместігін және білім мен психикалық дамуының бір емес екенін ескере отырып, психиканың дамуына оқыту әсер етпейді деген Ж.Пиаженің пікірін басшылыққа аламыз.

Әрине, бала психикасының әр жаста қандай болып келуіне әлеумет ортасының едәуір ықпалы болады. Себебі, балаға әсер ететін бүгінгі әлеумет ортасы бұрынғыдан мүлде өзгеше: қазіргі ғылым мен техниканың, өндіріс саласының өркендеуі, Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ұмтылуы, бүгінгі бала жасының көпшілігін оқуға, білім алуға арнауы тиіс деп есептеп, өзіміздің зерттеу проблемамызға байланысты жасты ғылыми тұрғыдан, сол кезеңге тән баланың есеюіне байланысты төмендегідей бала жасына қарай кезеңдерге бөлуді ұсынамыз.

Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.

1-ден 3 жасқа дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып, тіл қабілеті кеңінен өріс алады.

7-ден 11-ге дейін - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделеніп дамиды.

11-16 - орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалының бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық (жыныс т.б.) жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатталады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының шекарасы болып есептеледі.

16-18 - жоғары сынып, яғни ересектер жасы. 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан оларда ересек бала мен үлкендердің аралығындағы ортақ белгілер кездеседі. Бірақ ересек жасқа өткен сайын «балалық» қасиеттер бірте-бірте азая бастайды. Балалар жасын тиісті кезеңдерге бөліп, сол мезгілде кездесетін баланың есеюі мен оған қоятын үлкендердің талабының арасында кездесетін қайшылықтарға байланысты алынады. Бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне көшуде бұл үйлеспеушілік толық дәлел бола алмайды. Егер осы болған қайшылыққа сай баланың қажеттілігін қанағаттандыра алмағандықтан көңілі бұзылады да, соны қамтамасыз ету үшін бала әрекет жасайды. Осы іс-әрекет алға қарай есеюдің тетігі болып саналады. Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгерілмейтін нәрсе емес. Заман талабына сай және оның өзгерілуіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай бала жасына қарай кезеңге бөлу мәселелерінде азды-көпті өзгерістер болып отырады.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер түрі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері.

Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдері (немесе кейде бұл кезеңдерді ерте сәбилік шақ, балдырғандық және мектепке дейінгі шақ деп атайды) бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін - ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы - балалар өмірінің төртінші жылы; естиярлар тобы - бесінші жыл; ересектер - алтыншы жыл және даярлық тобы - жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылары (1-ден 3-4 сыныпқа дейін), ортаңғы сынып оқушылары 4-5-тен 7-8 сыныпқа дейін, жоғары сынып оқушылары (8-ден 10-шы сыныпқа дейін).

Тәрбиенің табиғилық принципі - кез келген тәрбие әрекеті мен педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің негізінде танылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың адамгершілік тәрбиесі ұлттық сана-сезім арақатынасына байланысты айқындалады. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеші-педагогтарының ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі білімдерін дамыту, мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты ескеру қажет, себебі баланың келесі жасайтын қадамы - мектеп табалдырығын аттау болып табылады.

Мектепте дайындық сыныптарына (6-7 жас), 1-4, 5-11 сыныптарының оқушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне этнопедагогикалық білім беру жөніндегі оқу бағдарламалары әзірленді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлттық тәрбие кафедрасы құрылды. ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жүрген жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілінде «Таным және студент» қосымша оқу құралы әзірленді.

ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Баршаға арналған білім» ұлттық бағдарламасының шеңберінде этнопедагогикалық білім беру бойынша жоба іске асырылуда.

Қазақ халқының рухани құндылықтарының этномәдени талдамасы (талдауы) бағытында мемлекеттік бағдарлама аясында автордың қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру жүйелерінің (бала-бақша, жалпы орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындары) оқу үдерісінің пән бағдарламаларына «Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлу» тақырыбы бойынша факультативтік сабақтар енгізілді.

Алайда, бұның бәріне қарамастан бұл проблема өзінің шешімін әлі толық таба қойған жоқ. Біріншіден, қоғамның елеулі бөлігі оқу-ағартудың және ұлттық білім беру жүйесін құрудың қажеттілігін жете түсінбейді; екіншіден, адамдарда арнайы білімнің болмауы, ұлттық білім беру мәселесінің жеткіліксіз зерттелуі, арнайы даярланған оқулықтар мен оқу құралдарының аздығы өзінің кедергісін келтіруде.

Педагогика ғылымының құрамдас бөлігі этнопедагогиканың қоғамның тарихи дамуы барысында көкейкесті проблемаға айналғанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Соңғы жылдары әр республиканың егемендік алып, жеке мемлекет болуына, сонымен бірге ұлттық сана-сезімнің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани жандануына байланысты оның көкейкестілігі бұрынғысынан да арта түсуде. Мұны ғылымның барлық саласында, соның ішінде педагогика ғылымы саласында орындалған зерттеу еңбектері де дәлелдеді. Оларда этнопедагогика жеке ғылым тұрғысында қарастырылып, оның бүгінгі заман жеткіншектерін тәрбиелеудегі мән-мағынасына зерделенуде.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жоғары оқу орындарында 90-шы жылдардан бастап «Этнопедагогика» пәнінің ендірілгенін, білімгерлерге арнап бірнеше альтернативті бағдарламалардың даярланып, жоғары мектеп тәжірибесіне ендірілгенін айта кету керек. Бағдарламалардың мазмұны ұлттық рухани мәдениетке, салт-дәстүрге негізделеді. Мәселен, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметованың қазақ және орыс тілдерінде жоғары мектеп студенттеріне «Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы», Ә.Табылдиевтің «Этнопедагогика», З.Әбілова, Қ.Қалиеваның «Этнопедагогика» оқулықтары жоғары орны студенттеріне арнап жазылған, С.Тілеуова, А.Әліпбек «Этнопедагогика» оқу құралы және т.б. жоғары орны студенттеріне арнап жазылған. М.Құрсабаевтың «Ғаламдық жаһандану жағдайында қазақ мектебінің ұлттық моделі һәм этнопедагогика негіздері» ғылыми еңбегі заман сұранысына сай қазақ мектептеріндегі пионер-комсомол ұйымдарының орнына тәуелсіз ел жасөспірімдерінің қозғалысын дүниеге әкелді. Бұл қозғалыс мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқару, мектептен және сыныптан тыс тәрбие шараларын халықтық педагогика элементтері арқылы ұйымдастыруға себеп болды. З.Ахметованың «Кәусар бұлақ» бағдарламасында қазақтың қыз балаларды тәрбиелеудегі әдеп жүйесі ұсынылады. Ұлттық дәстүр құндылықтарын бойына жинаған балаларға тән адамгершілік ұғым-түсініктерге мазмұндық сипаттама беріліп, мәні ашылады. Қазақ тәлім-тәрбие жүйесіндегі тұлғааралық қатынастарды реттеу қызметі айқындалады. Адамгершілік қасиеттер - кісіліктің маңызды бөлігі деп дәлелденеді.

Білім және ғылым министрлігінің қазақ халқының рухани бай қазынасына, озық дәстүрлеріне негізделген «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» да (1993) оқушылардың адамгершілікті мәдениетін дамытуды, ұлттық мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды көздейді.

Бұның бәрі, әрине орынды. Әйтсе де басылым көрген еңбектердің мазмұнына енген халықтың тәрбие саласындағы дәстүрлі тәжірибесі балалардың жалпы мәдениетін көтеруді көздейді, халықтың балаларды жасына қарай адамгершілікке тәрбиелеудің озық дәстүрлері бүгінгі балаларға тәрбие беруде мақсатты түрде қарастырылмайды.

Қазақ халық педагогикасына жасаған талдау, онда бала тәрбиесінің, соның ішінде бала жасына қарай кезеңге бөліп адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің аса өзекті болғанын, бұл салада өзіндік дәстүрлер, танымдық көзқарастар қалыптасқанын дәлелдейді. Біз қазақ халық педагогикасындағы балалардың тәрбиесін төмендегіше жіктемелейміз (Сурет 2):

1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды.




Сурет 2 - Қазақ халық педагогикасындағы бала тәрбиесінің жіктемесі


Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып, атын

қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық зергерлік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай құю, төсек жинау, кесте, өрнек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.

3. Халық педагогикасында «бірінші байлық - денсаулық» деген ұғым өзекті орын алған. «Дені саудың жаны сау», «ас адамның арқауы», «Ауру астан» деп, рухани, материалдық байлықтың тәрбиенің негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән сұлулығы үшін жасалған әрекеттер.

4. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. «Жаным - арымның садағасы» деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.

5. Гуманизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан отбасынан басталады» деп ұққан ата-бабамыз отбасының намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы - көпке ортақ», «Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды» деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.

6. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Өнерлі өлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра» дегенді насихаттап, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

7. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Ал бұл жіктемелер, сайып келгенде, «сегіз қырлы, бір сырлы», мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген «толық адам» тәрбиелеуді көздеуден туған.

Енді халықтық тәрбиедегі осы жіктемелердің этнопедагогикамен байланысы негізінде қазақ этнопедагогикасындағы баланы тәрбиелеудің бағыт-бағдарын береміз (Сурет 3).





Сурет 3- Қазақ этнопедагогикасындағы баланы тәрбиелеудің бағыт-бағдары


1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ыңтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы» деп ой түйіндеген.

3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығына әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқанын ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиеленуін орынды санаған.

5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында дамыту бүгінгі педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі, дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз «Армансыз ұлан - қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап, «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата-тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген.

Қазақ халқы адамгершілік нормалар мен принциптердің өзара қарым-қатынас процесінде баланың жас ерекшеліктеріне қарай мінез-құлық тәжірибесі арқылы қалыптасатынын жақсы түсінген. Бала тәрбиесіне қоғам тарапынан қолдау жасап, қамқорлық көрсеткен. Қоғамның талабын ескере отырып, балалар арасындағы адамгершілік мәдени қатынасты, адами құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізуде бірқатар жағдайлар жасаған.

Қазақ салт-дәстүрінде бала ер жетіп, қыз балиғатқа толған шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз. Қазақта «балиғат» деп 13-ке толған қыз баланың жасын атайды. Ал, осы жастағы ұл баланы «ер жетті» деп атайды. Қазіргі кезде қолданылып жүрген «кәмелетке толу» ұғымы жасөспірімдік шақтың соңы болатын 16-17 жасты белгілейді. Халық түсінігі бойынша жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпағы көп, дені сау, мықты болып қалыптасады деген. 13 жастан асқан соң, исламның шариғат ережелері бойынша адам пенделік істерге барып, күнәһарлық жасай бастайды деп танылады. Сондықтан, қыз баланы 13-14 жасында, ұл баланы 14-15 жасында үйлендіретін болған.

Көне замандардан бері қазақтар, бергісі ауыл-аймақ шет-шекарасының тыныштығы, арғысы хандық немесе мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрші ру-тайпалар немесе мемлекеттермен туыстық, меймандостық қатынас орнатуға талпынған. Ондайда, «үйірі басқаны ноқта қосады, атасы басқаны неке қосады» және «ұлыңды ұрымға, қызыңды қырымға» деген бойынша неғұрлым алыс жерден қыз алып, қыз берісуді жөн санаған. Оның өзіндік мәні тым тереңде жатады. Ең әуелі, қазақ өз арасында кем дегенде жеті ата араламаған ру ішінде бір-бірінен қыз алысып, қыз берісуге тыйым салуы негізінде қан тазалығы мен осы арқылы ақыл-есі, дені сау ұрпақ өрбіту қамынан туындаған салт қалыптастырған. Сондықтан, шалғай жерлерде туып-өскендердің өзара некелесуінен туған балалардың дені сау, мықты болып өсетінін де қазақ о баста санаға әбден сіңіріп, бұлжымас қағидаға айналдырған.

Сондай-ақ, «жер айырылса шым бітейді, ел айырылса қыз бітейді» сөзі айтып тұрғанындай, арада туған түрлі кикілжіңдер түбінде қыз алысып, қыз берісу арқылы шешіліп, мамыражай қалыпқа келуі сияқты жәйттерден қоғамдық өмірде некенің және өмірге ұрпақ әкелуші болашақ ана, қыздың аса зор маңызға ие екендігін байқау қиын емес.

Екі жастың бас қосып, отбасын құруы ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша құдаласудан басталады. Қазақтар, әдетте, «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, аралас-біліс, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған. Қазақта құда болудың бірнеше түрі болған. Осындай т.б. жағдайларға байланысты құдалықтың «бел құда», «бесік құда» және «қарсы құда» деген негізгі түрлері қалыптасқан.

Бел құда. Өзара таныс-біліс, дос-жаран адамдардың әйелдері бірдей құрсақ көтеріп жүрген болса, ондай адамдар алдын-ала уағдаласатын болған. Яғни, бірінен ұл, бірінен қыз туса достар бел құда атанатын болған. Ал, бірыңғай қыз немесе ұл туса, әке-шешелерінің достығын жалғастырып, жолын бөлісетін болған. Мұны қазақтар «қарғыбау» дейді. Бесік құда. Балалары бесікте жатқанда кейбір ниеттес адамдардың құдаласуын «бесік құда» деп атайды. Бұлайша құдаласу орташа дәулетті адамдар арасында болып, берілетін қалыңмал мөлшері әдеттегіден едәуір төмен және қалыңмалды ерте бастан-ақ, ақырындап төлеп отырған. Құдаласудың бұл түрі күні бүгінге дейін сақталған деуге боларлық.

Қарсы құда. Бір-бірімен өзара қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдаларды атаса, қарсы құдалықтың тағы бір түрі - қыз алған жақ қыздың қалыңмалын төлеуге шамасы келмесе, қалыңмал орнына өз жағынан бір қыз берген. Баланы жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеудің халықтық педагогикада белгілі жүйесі болғандығын көруге болады. Баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың алғышарттары, әдіс-тәсілдері, мүмкіндіктері, формалары болған.

Баланы тәрбиелеуде халық педагогикасында көрініс тапқан алғышарттарды негізге алған мінез-құлық нормасын бала жастан дамыту; адамгершілік қарым-қатынас мәдениетін меңгертуде педагогикалық талаптарды ескеру (қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай және т.б.), мінез-құлық дағдыларын меңгерту; қарым-қатынастағы құндылықтарды бағалай білуге үйрету және т.б.).

Тәлім-тәрбие берудің күнделікті практикасында педагогикалық ықпал етудің, толып жатқан әдіс-тәсілдерін (қайырымды қатынас жасау, адамгершілік сезімін ояту, жанама ықпал жасау, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, өзіне деген сенімін нығайту, сендіру, сенім арту, мақтау, мадақтау, түзеу, бағалау, қызықты да жауапты іс-әрекетке тарту, тапсырма беру, ренжу, наразылық білдіру, ашулану, айыптау, қолдау, ынталандыру, бұйыру, еркелете кінә арту және т.б.).

Балаға тәрбие берудің мүмкіндіктері ретінде салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, поэтикалық мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, жыр-дастандар және ұлттық ойындар, ата тек шежіресі, діни ілімдер, дүниетанымдық озық ой-пікірлер және т.б. ұтымды пайдаланған.

Баланың жас кезеңдеріне байланысты тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру нақты жұмыс формаларымен, атап айтсақ, Наурыз мейрамы, дәстүрлі той-жиындарды (шілдехана, баланы бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, тоқым қағу, қыз ұзату тойы, үйлену тойы және т.б.), өнер адамдарымен кездесулер (жыршы-жыраулар, әнші-күйшілер, ақындар), ұлттық ойындарда (асық ойнау, көкпар, қыз қуу, алтыбақан және т.б.) шешімін тапқан.

Әрбір әдіс-тәсіл бала тәрбиесіне мақсатты түрде әсер еткен. Мәселен, қазақтың «қызға қырық үйден тиым», «келінім саған айтам, қызым сен тыңда» дейтіні тұтас - ұрпақтың болашағымен астасып жатқан көрнекті құбылыс. Қазақ ұлттық тарихымыздан бала тәрбиесіне байланысты бір-екі мысал келтіргенді жөн санадық. ....Атымтай жомарт өлген соң інісі де Атымтайдай боламын деп, малын шаша бастапты. Шешесі неше мәрте айтады екен: «Шырағым, малды орынсыз шаша берме», - деп. Бір күні бұл сөздер баланың көңіліне келіп, шешесінен сұрайды: «Сіз маған мал шашпа дейсіз, марқұм Атымтай ағама бір сөз де айтпайтын едіңіз. Атымтай туған ата-анадан мен де туғаным жоқ па? Атымтайға біткен мал маған да біткен жоқ па? Сіз қалайша менің жомарт болғанымды жаратпайсыз», - деп. Шешесі жауап береді: «Атымтай туған соң үш күнге дейін жылап емшек ембеді. Емшегім сыздап, сүт аққан соң, көршіміздегі бір жетім баланы емізіп едім, құшағымда отырған Атымтай жылағанын қойып, екінші емшекті еме бастады. Осылайша, әрқашан бір емшекті әлгі жетім балаға емізбесем, Атымтай да ембеуші еді. Ал сен балам, туғаннан былай қарай, бір емшегімді еміп жатқаныңда, екіншісін екі қолыңмен мықтап ұстап жатушы едің, міне соның үшін сен Атымтайдай жомарт бола алмайсың. Малыңды орынсыз шашпа, дейтінім сол», - депті.

Қазақ ұлтында әйел босанарда бүкіл жан-жануар, ит құсты үйдің маңынан аулаққа қуатын болған. Ондағы себеп, сәби шыр етіп жерге түскенде, ненің дауысын естісе, сол тіршілік иесінің мінез-құлқы баланың бойына судай сіңеді. Сондықтан үй иесі кіндік шешені, көнені көрген көреген, текті ортадан таңдаған. Анасының уызынан қуат алған қызыл шақа кіндігі қиылған соң, жаялығына оралған күйі ағаш бесікке жайғасып, әлди-әлдидің әуенімен тәтті ұйқының құшағына енеді. Дүниеге сыймайтын қайран бала бесікке сыйсын ба? Талпаңдаған қалпы домалаңдап, тал бесік пен тыныш ұйқыны лайық көрмей кең даланы бетке алады ғой. Қадамы қарышты, жолы түзу болсын деп тұсауын кеседі. Баланың тұсауын үш нәрсемен кеседі: біреудің ала жібін аттамасын деп ала жіппен, тоқшылық болсын деп тоқ ішекпен, көк шөптей көкке ұмтылсын деп шөппен кеседі. Бесікке салу, шілдехана, тұсау кесу, сүндеттеу сияқты дәстүрлер тіршілік деп аталатын ортаға тап болған «қонақты» күтіп алу рәсімдері еді. Тәрбие мәселесі бойынша Лев Толстой айтады: «Өмірімді жүз қадам деп есептейтін болсам, туғаннан бес жасыма дейін тоқсан тоғыз қадам, бес жастан қазіргі маған дейін бір қадам», – деп. Әл-Фараби бұл аса жауапты кезеңді он бес жасқа дейін ұзартады. Демек, адам ғұмырының тоқсан тоғыз пайызы балалық шақ пен жасөспірім кезеңге тікелей қатысты болған.

Қазақ этнопедагогикасында баланы тәрбиелеуде белгілі бір жүйе қалыптасқанын және мүмкіндіктері жоғары болған деп дәлелдеуге, сондай-ақ қазақ этнопедагогикасында баланы халықтық педагогика дәстүрлері негізінде тәрбиелеу моделін жасауға негіз болады (сурет 4), сонымен қатар қазақ этнопедагогикасында балаға тәрбие беру жолдарын қарастыруға негіз болады.




Сурет 4 - Қазақ этнопедагогикасында баланы халықтық педагогика дәстүрлері негізінде тәрбиелеу моделі

Ұсынылып отырған модель қазақ халқының баланы тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) жасауға септігін тигізді. Онда тұжырымдаманың мақсаты мен міндеті айқындалды; қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбиелеу мазмұны беріледі; қазақ халқының тәлім-тәрбие берудегі озық дәстүрлерін отбасы тәрбиесінде, балабақшада, жалпы білім беретін мектептің оқу тәрбие процесінде пайдалану тәсілдері анықталады; қазақ халқының балаға тәрбие берудегі озық дәстүрлерін болашақ мұғалімдерге меңгерту жолдары қарастырылады; тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары (материалдық тұрғыда қамтамасыз ету, тұжырымдаманы жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету) ұсынылады.

Тұжырымдаманың мақсаты - жаңа қоғамның талаптарына сәйкестендіре жүйеленген қазақ халқының баланы тәрбиелеудегі (бала жасына қарай кезеңге бөлу) озық дәстүрлер арқылы бүгінгі заман баласының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тұжырымдама қазақ халқының баланы тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін өзара байланыста, кезеңдеп жүзеге асыруды отбасы, бала-бақша, мектеп (бастауыш, орта, жоғары) көздейді; мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісіне қажетті материалдарды сұрыптауда көмектеседі; балалардың мінез-құлықтарының жоғары адамгершілік тұрғыда даму бағыт-бағдарын, оқу-тәрбие процесіне ендіру шарттарын қарастырады (материалдық тұрғыда қамтамасыздандыру; тұжырымдаманы пайдалануды әдістемелік жағынан қамтамасыздандыру; педагог мамандарды даярлау).

Тұжырымдаманы білім беру жүйесіне ендіру бағыттары қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие мазмұнын, ұлттық, рухани-мәдени мұраларды балалар мен оқушы-жастарға меңгерту әдістемесін жүйелі бірізділікте жүзеге асырады, іс-әрекет процесінде, дұрыс шешім қабылдауға бағдарлайды, қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбиесін оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіруге көмектеседі.

Тұжырымдаманы практикаға тиімді ендіру мақсатында біз жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап даярланған «Білім беру жүйесіне қазақ этнопедагогикасын ендіру» атты элективті курс бағдарламасын жасап меңгерттік. Оның мақсаты болашақ мұғалімдерге (тәрбиешілерге) қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін мақсатты, жүйелі, кешенді меңгерту және бүгінгі балалар мен оқушы-жастардың тұлғасын жан-жақты тәрбиелеп, қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен таныстыру және балабақша мен мектептің оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану іскерлігі мен дағдысын меңгерту.

Ал енді, қазақ этнопедагогикасын білім беру жүйесінде пайдалану проблемасына келетін болсақ, тарихи деректерге қарағанда, Қазақстан егемендігін алғанға дейін бұл мәселе педагогика ғылымының аясынан қалыс қалып отырған. Бұған таңдануға болмайды, өйткені мұның бәрі сол кездегі кеңестік идеологияның талаптарынан туындаған жәйт еді. Әйтсе де бұдан қазақ этнопедагогикасына мүлдем назар аударылмаған екен деген ой тумауы тиіс. Бұл мәселе бойынша бірқатар тәжірибелер жинақталды, өнеге тұтар құнды идеялар, көзқарастар сарапталып, оны дамытуға, жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануға байланысты ұсыныс-нұсқаулар берілді.

Бағдарламада сабақтардың тақырыптық жоспары, мазмұны ұсынылады (лекциялар - 10 сағат, семинарлар - 5 сағат, студенттің оқытушымен бірлескен жұмысы (ОСӨЖ) - 8 сағат және студенттің өз бетінше орындайтын жұмысы (СӨЖ) - 22 сағат) (Кесте -1).


Кесте 1 - «Білім беру жүйесіне қазақ этнопедагогикасын ендіру» элективті курс бағдарламасының мазмұны




Тақырыптар:

Дәріс

Сем.

ОБСӨЖ

СӨЖ

1.

Қоғам дамуының бүгінгі кезеңінде халықтық педагогика негізінде білім мен тәрбие беру мәселелері

2

1

1

2

2.

Қазақ этнопедагогикасының әлеуметтік-педагогикалық мәні

2

1

1

3

3.

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми педагогикамен сабақтастығы

1

1

1

2

4.

Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие түрлері мен бағыттары

1

1

1

3

5.

Мектепке дейінгі ұйымдарда бала жасына қарай кезеңге бөліп, адамгершілікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

1




1

3

6.

Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану

1




1

3

7.

Қазақ халық педагогикасындағы баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне ендіру

1

1

1

3

8.

Қазақ халық педагогикасындағы баланы жасына қарай адамгершілікке тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін болашақ мұғалімдерге меңгерту жолдары

1




1

3

9

Барлығы:

10 сағат

5

сағат

8

сағат

22 сағат
  1   2

Додати документ в свій блог або на сайт
Ваша оцінка цього документа буде першою.
Ваша оцінка:

Схожі:

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconС аттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері
Саттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconДиссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі д...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасының 2008 жылғы 16 қыркүйектегі ұсынысының негізінде
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасының 2008 жылғы 16...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconДиссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconДиссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconДиссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады
«30» қарашада сағат 11-00 Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconӘож 37. 022: 371. 13: 37. 01 Қолжазба құқығында сайлыбаев бахытжан
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconОмарова раушангүл сәрсенқызы білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі...

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері iconМ емлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен ба ғдарламаларды және олардың орындалуы ж өніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді...

Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©znatock 2000-2011
звернутися до адміністрації
Документи